Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

13-ақпан күні премьер-министр Серік Ахметовтың қолы қойылған қаулы Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесінде жарияланды.

Қаулыда ТЖ министрлігіне мемлекеттік материалдық қордан 2-ші сұрыптан дайындалған 1 266,7 мың тонна ұн, 1000 тонна құмшекер, 189,892 тонна сары май бөлу жүктелді.


Жүкті тасымалдау мәселесімен Көлік және коммуникация министрлігі айналысады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді.