Қазақстан аумағында қатты аяздар сақталады - 20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбе облысында түнде 25-27 градус, түнде - 13-16 градус аяз болады, жауын-шашынсыз.

Атырау облысында түнде ауаның температурасы 14-16, күндіз - 8-10 градус суық, жел екпіні 18 м/с дейін жетеді, жауын-шашынсыз.

Батыс Қазақстан облысында түнде 17-19 градус нөлден төмен, күндіз 10-12 градус суық болады, жауын-шашынсыз, күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде 27-29 градус аяз болады, күндіз ауаның температурасы 20-22 градус суықты көрсетеді, ауыспалы бұлттылық болады, жауын-шашынсыз.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде сынап бағанасы минус 28-30 градусты, күндіз - 22-24 градус суықты көрсетеді, жауын-шашынсыз.

Ақмола облысында түнде 29-31, күндіз 22-24 градус суық, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысында түнде 32-34, күндіз - 27-29 градус нөлден төмен, түнде қар түсуі ықтимал.

Қарағанды облысында түнде 33-35 градус суық, күндіз 26-28 градус нөлден төмен, жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысында түнде минус 38-40, күндіз 32-34 градус нөлден төмен, жауын-шашынсыз.

Алматы облысында түнде 29-31, күндіз - 21-23 градус аяз болады, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз.

Жамбыл облысында түнде 25-27, күндіз 18-20 градус суық болады, жауын-шашынсыз.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде сынап бағанасы 11-13, күндіз - 2-4 градус суықты көрсетеді, жауын-шашынсыз.