Қазақстан аумағында "қысқы" және "жазғы" уақытқа көшу тәртібін алып тастау туралы қаулы қабылданды

ҚР индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, көктем маусымында сағат тілін жылжытуға байланысты үнемделетін мардымсыз электр энергиясы керісінше күзде "қысқы " уақытқа көшкен кезде шығындалып отырған.

Сонымен бірге "қысқы" және "жазғы" уақытқа көшу тәртібін қолдану әлеуметтік факторға кері әсер етіп, тұрғындар арасында ауру деңгейінің артуына, жол апаттары санының көбеюіне, өндірістерде жарақат алу көріністерінің ұлғаюына апарып соғуда.
Мемлекеттік мекемелермен және облыстық әкімшіліктермен бірлесе жүргізген талдау негізінде комитет уақытты өзгерту тәртібін алып тастау қажет деген тұжырым жасаған. Талдау қорытындысы уақытты өзгерту - мемлекетке мардымсыз ғана экономикалық тиімділік әкелетініне қарамастан, қарт адамдар мен балалардың денсаулығына кері әсер ететінін айғақтап берді.