Қазақстан аумағында сатылатын, экрандарда көрсетілетін фильмдер түгел қазақшаға аударылады


Оның айтуынша, қазақшаға аударылмаған бірде-бір фильм дүкен сөрелерінде сатылмауы және экрандарда көрсетілмеуі керек. Осы орайда М. Құл-Мұхаммед министрліктің Мәдениет комитетіне, Қаржы ұйымдастыру және құқықтық жұмыс департаментіне, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне осы норманы іске асыруға қажетті барлық құжаттарды желтоқсанның 1-не дейін дайындап, Үкімет қарауына енгізуді тапсырды «Себебі, келесі жылғы қаңтардың 1-нен бастап жаңа норма жұмыс істейтін болады», деді ол.