Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шеңберінде есірткімен күрес жөніндегі арнаулы операция басталды

"Бұл іс-шараға ІІМ, ҰҚК, ҰҚК Шекара қызметі, Кедендік бақылау комитеті мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігі қатысуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Осындай іс-шаралар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше Ресей , Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да өтуде.

"Бұл операция есірткілік және психотроптық заттар мен прекурсорлардың шекара арқылы контрабандалық жолмен өтуіне тосқауыл қоюға бағытталған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.