Қазақстан аумағының көптеген аудандарында тұман түседі деп күтілуде

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл көлінің маңында желдің екпіні 18-23, кей кездерде тіпті секундына 25-28 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, тау асуларында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында да кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау және Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, оңтүстік-шығыс желінің жылдамдығы 18 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында да кей жерлерде тұман түседі.