В.Байымбетовтың айтуынша, Қазақстан ел аумағы арқылы жүріп өткені үшін алынатын төлемдерді бір жақты алып астады. Ол осы орайда Қазақстан тарапынан аталмыш төлемдерді екі ел аумағында да паритетті негізде алып тастау туралы Өзбекстан басшылығына ұсыныс жасалғанын еске салды. Қазақстан Өзбекстанның мың, ал Өзбекстан Қазақстанның мың автокөлігін тегін өткізсін деген өтініш жасалған. Алайда ол жақтан нақты жауап келген жоқ.
Осыған байланысты көршілес республиканың басшылығы бұл бастаманы қолдар деген үмітпен Қазақстан бірінші болып ишара қадам жасап отыр, деді В.Байымбетов.
Қазақстандық жүк автокөліктері үшін Өзбекстан аумағы арқылы жүріп өту ақысы 300 АҚШ долларын құрайды.