Қазақстан Австралиядан ет импорттауға қойылған уақытша шектеулерді алып тастады


Бұл туралы Экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, қаулы еліміздің бас санитарлық дәрігерінің шешімімен қабылданды.
Австралиядан ет әкелуге биылғы жылдың мамыр айында тыйым салынған болатын. Оған өнімнің құрамынан адам ағзасына қауіпті тренболон ацетат препаратының табылуы түрткі болған-ды.