Қадағалаушы орган «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі жолдаған сауалға: «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аталған деректі растайтын ресми ақпар алған жоқ», - деп жауап берді.
Бас прокуратураның мәліметінше, желтоқсан айының соңында Австрияның бұқаралық ақпарат құралдары «Вена прокурорлары Р.Әлиевке «Нұрбанк» АҚ-ның қос менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Қасеновті өлтірді деген ресми айып тақты» деген ақпар таратқан.