Қазақстан Австриялық кәсіпкерлерді республианың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларға атсалысуға шақырды

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қатысты кең көлемдегі мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективасына қатысты пікір алмасты.

Премьер-министр қонақты елімізде жүргізілген бірқатар реформадан, сондай-ақ, негізгі экономикалық көрсеткіштерден хабардар етті.
Губернатор Прелль мырза еліміздің экономикалық даму динамикасын жоғары бағалады және екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты барынша нығайтуға дайын екенін атап өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында медицина саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге байланысты, банкі саласында екі жақты әріптестікті дамыту және Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өту жайы талқыланды.
Атап өтілгендей, бүгінгі күні қазақстан-австрия қарым-қатынастары үдемелі дамуда. Екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 142,6 млн. долларды құрады. Қазіргі уақытта республикада металлургия, құрылыс және мұнайгаз секторы салаларында бірлескен қызметті белсенді жүзеге асырушы 50-ден астам қазақстан-австрия кәсіпорны тіркелген. Павлодар облысының Австрия-Каринтий федеральды жерімен әріптестік сауда-экономикалық байланыстары халықаралық деңгейге көтерілді, сондай-ақ Алматы қаласы мен Төменгі Австрия Федеральды жері арасында экономикалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.