2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.
"Достығы берік Қазақстан халқын 10 наурыздан бастап Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 30 күнге дейін визасыз режимнің күшіне енуімен құттықтаймыз. БАӘ-де жақсы уақыт өткізулеріңізді тілейміз", - делінген елшіліктің Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы БАӘ-мен паспорттардың барлық түрлеріне визасыз режим туралы келісім жасалғанын хабарлаған. Келісімдер БАӘ-нің барлық эмираттарымен мақұлдануы керек болатын.