Қазақстан азаматтары прокуратура органдарына халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы арыз бере алады

"Бүкіл арыздарды халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау туралы пилотты жобаны іске қосу мәселесі пысықталуда, бұл арыз берушілердің прокуратура органдарына қолжетімділігін арттыра түспек", деді ол Астанада бейсенбіде бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында.

"Әр ауданда халыққа қызмет көрсету орталығы бар. Енді сол арқылы арыз бере салуға болады", деді ол.