Қазақстан азаматы Мәскеуде Шыңғыс Айтматовтың төрағалық етуімен берілетін халықаралық "Орыс сыйлығының" иегері болды

Салтанатты түрде марапаттау рәсімі ТМД және Балтық жағалауы елдерінің жазушыларының, Ресейдің шығармашылық элитасының, Ресей Федерациясы президентінің әкімшілігінің, Мемлекеттік Дума, Федерация кеңесі, өкілдерінің, сондай-ақ, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларының қатысуымен Орталық әдебиетшілер үйінде өтті.

Жыл сайын ТМД және Балтық жағалауы елдерінің жазушыларына берілетін "Ресей премиясы" әдеби конкурсының қазылар алқасының төрағасы Шыңғыс Айтматов қонақтар мен қатысушыларға арнаған тележолдауында орыс тілі мен әдебиетінің маңыздылығын атап өтті және "Орыс премиясын" ауқымдылығы жағынан ең маңыздылардың бірі деп атады.

Қазақстандық Леон Костевич Тәжікстан мен Эстониядан келген екі жазушымен қатар "Шағын проза" аталымы бойынша "Орыс сыйлығының" иегері атанды.