РИА Новости хабарлағандай, 29 қаңтарда екі жанкешті саудтық Эль-Ахса провинциясында Махасин ауданында намаз кезінде имам Реза мешітіне кірмекші болған. Қауіпсіздік органдары қызметкерлері мешітке бара жатқанда оларды ұстап алды, олардың бірі мешітке кіре берісте өзін жарып жіберді, атыс басталды. Құқық қорғау органдары екінші қылмыскерді ұстап үлгерді, одан "жанкешті белбеуі" табылды.
Теракт салдарынан төрт адам қаза тауып, 36 адам жарақаттанды, олардың үшеуі қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері.