Қазақстан азаматы Тайландтағы қонақ үйде өлі күйінде табылды

Болжамға сәйкес, ер адам екі күн бұрын көз жұмған. Денесінен зорлық белгілері байқалған жоқ. Оның денесін қонақ үй қызметкерлері бөлме ішінде жағымсыз иіс тарай бастағанда тауып алған.


Лейтенант Паттанан Сомныан өлім себептерін анықтау үшін мәйітті сот-медициналық тексеріске жібергенін айтты. Сондай-ақ қонақ үйде болған бойжеткеннен жауап алынатын болады.