Мемлекет басшыларының айтуынша, мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықта елеулі нәтижелерге қол жеткізілді.
Спорт саласында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің хатшылығына, сондай-ақ жауапты министрліктер мен ведомстволарға Түркі әлемінің І универсиадасына әзірлікті бастауға өкім берілді.
Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия басшылары түркітілдес елдер арасындағы сауда мен инвестициялардың өсіміне қанағаттанатынын, өздері бұл бағыттағы күш-жігерді қолдауға әзір екендіктерін білдірді. Олар жеке бизнесті түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің жұмыс топтарына белсене қатысуға, сондай-ақ Түркі іскерлік кеңесін оған қатысушылар арасындағы экономикалық ынтымақтастықты оңайлатуға шақырды, экспорт пен инвестицияларды қолдауға жауапты төрт елдің құрылымдары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум бойынша қанағаттанатындықтарын білдірді.
Төрт елдің президенттері сондай-ақ түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі хатшылығының үшінші шілдедегі Бакуде өткен кездесулері бойынша көлік министрлері баяндамаларын, көлікті дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойылуын және Ақтау, Баку және Самсун порттары ынтымақтастығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды құптады.
Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Түркия президенттері сондай-ақ аймақта тасымалдар әлеуетін, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қатысушылары арасындағы қолда бар көлік инфрақұрылымын тиімді пайдалануды ұлғайту үшін жауапты құрылымдарды жұмыс жүргізуге шақырды.
Сонымен қатар, Орталық Азияны Еуропамен Кавказ және Мәрмәр теңізі арқылы қосатын басты учаске болып табылатын Баку-Тбилиси-Карс темір жолы Шығыс-Батыс көлік дәлізінің маңызды учаскесі екені, сондай-ақ Silk Wind жобасы қысқа, қауіпсіз және экономикалық жағынан пайдалы жол болатыны аталып өтті.
Олар сондай-ақ түркітілдес мемлекеттер арасындағы кедендік ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған кеден бойынша жұмыс тобын құруды және кеден құрылымдары басшыларының екі кездесуін өткізуді құптады.
Сонымен бірге жолаушылар және жүк тасымалын оңайлату және көлік әлеуетін ұлғайтуға күш-жігерді арттыру және экспорттық және импорттық рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ заманауи технологиялармен алмасу жүйесін енгізу үшін тетіктерді пайдалану қажеттігі аталып өтті.
Мемлекет басшылары сонымен қатар хатшылықтың түркітілдес диаспоралар арасындағы ынтымақтастық жобасына бастамашы болу талабын қуаттады.
Ұйым төрағасы қамқоршылығымен СІМ басшыларына ұдайы негізде жалпы ортақ мүдделерді білдіретін халықаралық мәселелер бойынша консултацияларды жалғастыру жөнінде өкім берілді.
Президенттер, БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдарда өз елдерінің кандидатураларын білдіруде, сондай-ақ Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесімен және басқа да мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды қолдауға шақырды.
Кеше Габала қаласында (Әзірбайжан) Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің ІІІ саммиті аяқталды.
Саммит жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түркия Президенті Абдолла Гүл және Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев қатысты.