Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынды жеңіп алды

Стенд атудан әйелдер құрамасы үздік шықты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілмете жасап. 

Зоя Кравченко, Әсем Орынбай мен Ольга Панарина үштігі скит сайысында алдына жан салмады. Одан өзге олар 350 ұпаймен Азия ойындары рекордын жаңартты.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.


Азия ойындары 23 қыркүйек күні басталды, 8 қазанға дейін жалғасады. Қазақстаннан 524 спортшы қатысып жатыр.