Оның айтуынша, "Азия аймағы үшін - Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңес құру бұрын-соңды болмаған соны құбылыс. Оған кеңеске қатысушы мемлекеттердің құрамы да дәлел бола алады".
"Бүгінгі кездесу- Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңестің алғашқы саммитінде алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған шаралардың тәжірибе жүзіндегі басталуы болып табылады",-деді А.Иванов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі Кеңеске Азия құрлығында орналасқан 16 мемлекет, атап айтсақ, Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан қамтылады .
Кеңеске мүше-елдердің жалпы тұрғындар саны 3 млрд. адамды құрайды. Аумақ көлемі 38,8 млн. шаршы шақырымды немесе жалпы Азия аймағы аумағының 89 проценті, Еуразия құрлығының 72 процентін иемденеді.