Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартуын жөн деп санайды

"Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартқанын жөн деп санайды және де біз ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қоя отырып, бұл жолда үлгі боларлық іс көрсеттік",- деді сенат скипері.

"Қазақстан Солтүстік Кореядағы ядролық сынаққа байланысты наразылығын білдірді",- деп еске сала кетті ол. "Қазақстанның ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабалдаған тәжірибесіне назар аудару қажет",- деп атап көрсетті ол. "Нәтижесінде біз Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінің біздің қауіпсіздігіміз туралы растауына қол жеткіздік",- деп еске сала кетті ол.

"Біз Солтүстік Кореяның да өз қауіпсіздігінің кепілдігін талап ететіндігін білеміз, сондықтан да мен бұл мәселені сәйкес келіссөздерде қарастыру жөн деп санаймын",- деп санайды Қ. Тоқаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті