Қазақстан азық-түлік өнімдерін импорттау көлемін азайтты

"2003-жылғымен салыстырғанда 2004-жылы ішкі тұтыным рыногында импортталған күріштің үлес салмағы 20-дан 6 процентке дейін, өсімдік майының үлес салмағы 35-тен 25 процентке дейін, бұқтырылған еттің үлес салмағы 55-тен 52 процентке дейін, шұжық өнімдерінің үлес салмағы 28-ден 26 процентке дейін азайды",- деп мәлімдеді министр. Оның айтуынша, басқа азық-түлік өнімдерінің импорты бойынша тағы да осындай ағым байқалып отыр, деді ол.

Ауылшаруашылығы министрлігінің бағалауынша, "2004-жылы шұжық өнімдерін өндіру мөлшері 13%-ке, сары май өндіру мөлшері 14%-ке, ірімшік пен сүзбе өндіру мөлшері 19%-ке, көкөніс консервісін өндіру мөлшері 42%-ке, өсімдік майын өндіру мөлшері 12%-ке, қант өндіру мөлшері 15%-ке өсті",- деді С.Үмбетов.
Оның пайымдауынша, "ішкі азық-түлік нарығында импорттың үлес салмағының азаюы отандық өнімдердің бәсекелестік қабілетінің арта түскеніне дәлел болмақ". "Бұған көп жағдайда құрал-жабдықты лизингіге алуға бюджет тарапынан несие бөлу, өңдеуші кәсіпорындардың екінші деңгейлі банктерден алатын несиелік ресурстарының проценттік өсімақысына субсидия бөлу жолымен мемлекет тарапынан қолдау түрткі болды",- дейді министр. Мәселен, ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 5,5 проценттік жеңілдетілген проценттік ставка бойынша еліміздегі 138 өңдеуші кәсіпорын 14,5 млрд. теңгеден астам маусымдық несиелер алса, лизинг мақсатына несие алу арқылы 11 кәсіпорын жабдықтарын жаңалады.