"Біз Байқоңырдың дамуына баса назар аударатын боламыз", - деді министр.
Оның айтуынша, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясының қарашаның аяғында өткен 17-ші сессиясында шараға қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына айрықша қызығушылық танытқан.
"Біз Байқоңырда жақсы инфрақұрылым қалыптастыруға тиіспіз деп ойлаймын. Осында келгісі келетін адамдар міндетті түрде Байқоңырды көріп қайтқысы келеді. Біз сол себепті Байқоңырда жақсы орталық құрып, қонақүйлер тұрғызып, ғарышкерлер мен басқа да экспедициялар үшін жағдайлар жасап, туристердің келуіне мүмкіндік туғызуымыз қажет", - деді Т. Досмұхамбетов.
"АҚШ-та бар екі ғарыш айлағында да осындай қадамдар жасалады. Біз де осыны іске асырмақшымыз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті