Қазақстан Баку бағытында мұнай тасымалдау көлемін арттыра түсті

Кеме шаруашылығы төрағасының айтуынша, бұл айлық орташа көрсеткіштерден 300-350 мың тоннаға артық. А.Башировтың айтуынша, Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемінің артуы Иранның Нека айлағы қызмет көрсетіп үлгере алмағандықтан көп кеменің сонда қаңтарылып қалуына байланысты.

КАСПАР басшысының айтуынша, сондай-ақ, Түрікменстаннан тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдерінің көлемі де арта түсті. Негізінен ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі арта түсу ағымы байқалып отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жалпы алғанда 2004-жылы КАСПАР тасымалданатын жүк көлемін биылғы болжамдық 13 млн. тоннадан 14 млн. тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр. 2003-жылы кеме шаруашылығы 13,2 млн. тонна түрлі жүктер тасымалдаған, олардың 8,875 млн. тоннасы мұнай өнімдері.