Қазақстан балетінің жұлдызы Алматы сахнасына оралды

Бұл - Оңтүстік Кореядан жақында ғана оралған Досжан Табылдының туған сахнада ойнайтын алғашқы ролі. Ол Сеул қаласындағы Кореяның ұлттық балет театрының шақыруымен гранд-солист болған. Оның пластикасын, актерлық шеберлігі мен кәсіби қасиеттерін әлем мойындап отыр, ал беделді балет сыншылары оң баға берсе, әлем көрермендері шаттана тамашалайды.

Альберто Алонсоның керемет қойылымындағы «Кармен-сюита» - Алматыдағы елеулі мәдени оқиға. Сұлу сыған қызы Карменнің ролін театр солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құралай Сарқытбаева сомдайды. Балет сүйер қауым Тореро ролінде Фархад Бөриевті, Коррехидор ролінде Нұрлан Байбосыновтың шеберлігін тамашалайды.