Қазақстан баллистикалық зымырандардың таралуымен күрес жөніндегі халықаралық кодекске бірікті

Депозитті иемденуші-мемлекет - Австрия Республикасына Қазақстан осы жөнінде дипломатиялық нота жолдады. Демек, елімізге Кодекске қатысушы деген мәртебе берілді. Австрия сыртқы істер министрлігінен Қазақстанға жауап нота жіберіліп, аталмыш мәртебе ресми түрде расталды.

Кодекс 1999-2002-жылдар аралығында зымырандық технологияларды бақылау режимі аясында жобаланды.
Құжат 2002-жылдың қараша айында Гаагада бекітілуге байланысты Гаага кодексі деген атауға ие болған. Оған кез-келген ел ерікті түрде біріге алады.
Қазіргі жағдаймен кодекске 121 ел бірікті.
Қазақстанда бүгінде баллистикалық зымыран жоқ.