Қазақстан банктері 33,7 млрд теңге көлемінде ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырды

ҚР Ұлттық банкінің сайтында көрсетілгендей, осы жылдың 1 қаңтарында ЕДБ-ға жалпы құны 103,3 млрд. теңге болатын 15 мың өтініш түскен.

Олардың 10 мыңға жуығы мақұлданса, 7 мың өтінім бойынша қайта қаржыландыруға 33,7 млрд теңге бағытталды.

Айта кету керек, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылдың 24 сәуіріндегі қаулысымен бекітілді. Бағдарламаға 9 ЕДБ қатысып жатыр.