Жарысқа облыстың барлық аудандары мен қалаларынан жиналған ең мыңты 37 палуан қатысты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Жарыстың салтанатты ашылуында Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Жарыс барысында палуан Александр Касачев жеңімпаз атанса, екінші орынды Қазбек Рамазанов иеленді. Екі спортшы да Қарасай ауданынан. Үшінші орынды көксулық Айдос Қаңлыбаев қанжығасына байлады.
Бірінші және екінші орын алған палуандар 5 шілде күні Астана қаласында «Қазақстан барысы» республикалық жарысында ҚР Президентінің жүлдесіне таласады.