«Қазақстан Барысы» турниріне іріктеу басталды

Алдымен жарыстар ауыл, аудан, облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Үш ай бойы кезең-кезеңімен өтетін алыптар айқасында, әр облыстан жеңіске жеткен 2 балуан ақтық сынға жолдама алмақ. Тек 18 жасқа толмаған, салмағы 80 келіден төмен спортшыларға турнир есігі жабық. Финал әдеттегідей Астанада 5-ші шілдеде «Сарыарқа» велотрек кешенінде өтеді. Президент жүлдесі үшін өтетін байрақты бәсекені биыл да Түркия мен Ресейдің арналары тікелей эфирден көрсетпек. Ал көпшілік асыға күтетін доданың жеңімпазы«Алтын белбеу» мен тайтұяқ алтын иегері атанады. Бұған қомақты қаржылай сыйды тағы қосыңыз.


Арман Шораев, Қазақ күресі федерациясының президенті:

-Бүкіл әлемде дағдарыс болып жатыр. Неше түрлі себептерді білесіз. Мұнайдың бағасы түсіп жатыр. Біздің де қаржымыздың көлемі сәл қысқарды. Бірақ біз қолымыздан келгенше, сол жүлде қорын сол деңгейде қалдыруға тырысамыз. Өйткені, «Самұрық-Қазына» емес, басқа да серіктестеріміз бар.

Loading...