Осылайша, республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің Жамбыл облысындағы үшінші іріктеу кезеңіне қатысатын палуандардың есімдері анықталды. Бұл облыстағы I-II іріктеу кезеңдері 1-ші наурызда басталған болатын.
Тараз қаласынан:
1. Бейбіт Ыстыбаев (142кг.)
2. Айбол Айтбек (93 кг.)
3. Арман Сартаев (92 кг.)
Байзақ ауданынан:
1. Серік Оразханов (110 кг.)
2. Медет Райсов (95 кг.)
Жамбыл ауданынан:
1. Жасұлан Әбішов (120 кг.)
2. Дәулет Пахрединов (83 кг.)
Жуалы ауданынан:
1. Нұрсұлтан Райкұлов (120 кг.)
2. Аманғали Жартыбаев (95 кг.)
Кордай ауданынан:
1. Еламан Бейшеев (100 кг.)
2. Нұрболат Көктеубаев (90 кг.)
Мерке ауданынан:
1. Жамбыл Тұрғыналиев (130 кг.)
2. Медет Көбелеков (120 кг.)
Мойынкұм ауданынан:
1. Бегімхан Аділбеков (85 кг.)
2. Абай Ерболұлы (92 кг.)
Талас ауданынан:
1. Шынғысхан Жақып (82 кг.)
2. Ырысхан Артықов (90 кг.)
Т.Рыскұлов ауданынан:
1. Асқар Бүркітов (95 кг.)
2. Арнұр Тымбаев (89 кг.)
Сарысу ауданынан:
1. Бейбарыс Патейев (120 кг.)
2. Нұрболат Мұстафаев (85 кг.)
Шу ауданынан:
1. Нұрлан Сауранбаев (82 кг.)
2. Ғабит Мырзалиев (120 кг.)
Естеріңізге сала кетейік, республикалық «Қазақстан барысы» турнирі 4 кезеңнен тұрады, яғни ол ауылдар мен елді мекендерде; аудандық, қалалық; облыстық іріктеу жарыстары; турнирдің ақтық сыны кезеңдерінен тұрады.
Доданың ақтық сыны Астана күні мерекесіне орай 5 шілдеде елордадағы республикалық «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінде өтеді.