«Қазақстан барысына» қатысатындар Алматыға жиналды

Еліміздің ең мықты балуандары 3 күннен бері Алматыға жиналып, допингтік және басқа да тексеруден өтіп жатыр. Өткен жылы допинг дауына байланысты 4 балуан жарыстан шеттетіліп, тағы бірнеше төрешіге шара қолданылған болатын. Бұл жолы ешкімге бұра тартпай, әділ қазылық ету үшін 20 адамнан тұратын төрешілер құрамы жарысқа бір күн қалғанда жарияланбақ.  «Қазақстан барысы» жобасы қолға алынған 5 жыл ішінде қазақ күресіне ден қойған жастардың саны 3 есе артқан. Сондай-ақ, желтоқсан айында елімізде тұңғыш рет қазақ күресінен ел кубогі үшін жарыс өткізілгелі отыр. Оған әр облыс бес балуаннан шығарып, команда ретінде қатыспақ. 

Loading...