«Австрияда дәрігерлік сараптама аяқтала қойған жоқ, ал сіздер бәрін әп-сәтте білгілеріңіз келеді. Өмірде олай болмайды. Оларда да, біздегідей сараптама ұзақ жүргізіледі», - деп Қазақстан бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель бұгін Астанада журналистерге мәлімдеді.
«Р.Әлиевтің ағзасынан барбитураттар табылды ма?» деген сұраққа И.Меркель: «Менің білуімше, ол тек пайымдау, сараптама біткен жоқ», деп жауап берді.
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі, Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Р.Әлиев 24 ақпанда австриялық түрмеде жалғыз адамдық камерада асылып тұрған күйінде табылған.
Р.Әлиев 2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі болды. 2008 жылы бірқатар ауыр қылмыстары үшін, оның ішінде отанға сатқындық, мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті үшін 2008 жылы елде сотталды.
Сот үкімі сырттай шығарылды, өйткені ол 2007 жылдан бастап шетелде қашыр жүрді.
Австрияның құқық қорғау органдары Р.Әлиевті Венада былтыр 5 маусымда ұстады.