"Энергетика министрлігі Қытай Халық Республикасына осы жобаға атсалысуды ұсынды. Онда келешек бар. Қазір жобаны 50 де 50 үлесімен қаржыландыруға шешім қабылданды. Қандай жағдайда да жобаның 50 проценті шаруашылық субьектілерінің есебінен қаржыланады. Ол "ҚазМұнайГаз" болуы да, немесе, басқа инвестор болуы да мүмкін. Осы 50% артынан тариф есебінен өтеледі", -деді вице-премьер.
Газ құбырының ұзындығы 1510 шықырым, диаметрі түрлі бөліктерінде 711 мм және 1016 мм. Бірінші кезеңі 2011 жылдың шілдесіне дейін аяқталуға тиіс, ол Қазақстанның оңтүстігіне 5 млрд текше метр газ жіберуге мүмкіндік туғызады. 2014 жылы газ құбырының екінші кезегі пайдалануға беріледі. Бұл оның қуатын 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.