Қазақстан бекем мемлекет құра білді - президент

"Отандастырымыздың қол жеткізген ең үлкен жетістігі - Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптаса алуы болды",- деді мемлекет басшысы. "Бағындырған ең басты биігіміз - гүлдену мұраты үшін ұлттардың ұйысуы болды. Біз бейбітшілік пен келісімді қорғай алдық. Елімізде тұрақтылық пен төзім сақталып қалды. Қазақстан 130-дан астам ұлт өкілдерінің Отанына айнала алды",- деді Н.Назарбаев.

"Біз тәуелсіздік алған алғашқы сәттен бастап дамуды айқын бағдар етіп алдық. Ол мемлекет пен қоғамды біріктіріп, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге жұмылдыра жетеледі",- деді мемлекет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті