Онда Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары 19-шы орын алды. 21 команданың арасында Қазақстан туының астында Марина Лебедева, Дария Усанова, Алина Райкова мен Елена Хрусталева бақ сынаса, 24 команданың арасында ерлер құрамасынан Александр Червинков, Ян Савицкий, Сергей Наумик пен Диас Кенешев жарысқа түсті.
Бұған дейін Дария Усанова спринтте - 33-ші, із кезуде 52-ші орын алған болатын. Сол сияқты ерлер арасында Ян Савицкий спринттік жарыста - 16-шы, із кесуде 33-ші орынға табан тіреді.