Қазақстан бидайына биыл айтарлықтай сұраныс болмайды - ауылшаруашылығы министрі

"Қазақстан бидайына биыл өткен жылғыдай айтарлықтай сұраныс болмайды деп кесіп айтуға болады", -деді А. Күрішбаев.

Оның түсініктемесіне жүгінсек, "биыл Ресей мен Украина алқаптарында жақсы түсім байқалуда, бұл елдердің экспорттық әлеуеті өте жоғары".

"Ресей мен Украина өз айлақтары арқылы экспорттық астығын жөнелтпейінше, біз бұл айлақтарға шыға алмаймыз. Тиісінше, қысқа таман, жаңа жылдың қарсаңында және жаңа жылдан кейін Қазақстан бидайына деген сұраныс артады", - деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, "Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда биыл түсім нашар болғандықтан, сұраныс өседі деп күтілуде".

"Қазақстанда бидайдың бағасы биыл былтырғы деңгейден жоғары болмайды, бірақ баға сұранысқа байланысты", - деді А. Күрішбаев.