Қазақстан билігі шетелдік туристерді тарту үшін туркомпанияларды ынталандырады

ынталандырмақ. Бұл туралы инвестици және даму жөніндегі вице-министр Альберт Рау мәлімдеді.

«Біз қазақстандық туристік компанияларды халықаралық туристік көрмелерге қатысуын жартылай субсидиялау есебінен өз өнімдерін халықаралық нарыққа ілгерілетуге қатысуын ынталандырмақпыз», дейді ол.

Сонымен қатар, инвестиция және даму министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның туристік өнімдерді ілгерілету және құлағдар ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен шетелдік туризм индустриясы кәсіпқойларына арнап көшпелі іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан жөнінде таныстыру турларын ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі.

Статистикалық агенттік мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанға 6,8 млн адам келді. 2014 жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша кіру туризмінің келушілер саны 2,02 млн адамды құраған.