"Әкімшіліктердің мәліметінше, жалпы алғанда, ағымдағы жылы майлы дақылдар егілетін егіс алаңдары шамамен 770 мың гектарды құрауға тиіс. Орташа шығымдылық жағдайында жалпы түсім 540 мың тонна май тұқымын құрауға тиіс, ол экспорт шектелген жағдайда еліміздегі өсімдік майына деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге жетеді", - деді А. Күрішбаев.
Оның айтуынша, өткен жылы майлы дақылдар егілген егістік алқаптары 697 мың гектарды құраған. "Кейінгі айларда өсімдік майының өндірісі шамамен 30%-ға қысқару және оны Қазақстанға импорттау көлемінің екі есе ұлғаю ағымы байқалуда", - деді министр.
"Өңдеу кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшін біз экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кешегі отырысында айтқан қаржы көлемінде "Қазына" қорының есебінен агроөнеркәсіптук кешен субьектілерін несиелендіру процессін жеделдетуді ұсынамыз", - деді А. Күрішбаев.
"Бұл орайда екінші деңгейлі банктер бірінші кезекте майлы дақылдарды өңдеуші кәсіпорындарды несиелендіруі қажет. Облыс әкімшіліктері майлы дақылдарға арналған егіс алқаптары көрсеткіші бойынша уәдесінен шығуы қажет", - деді ол. Сонымен бірге министр "Қазақстан майлы дақылдар тұқымын аса көп мөлшерде экспорттап отырғандықтан", майлы дақылдар экспортын шектеу қажет деген пікірде.