Қазақстан биыл Қытайға астық экспортын ұлғайтады


«Өздеріңіз білесіздер, былтыр экспортталған астық көлемі 7,3 млн тонна болған. Биыл да астықты экспорттау көлемі осы шамада болады деп жобалап отырмыз. Астықтың экспортқа шығатын тараптары - Орта Азия мемлекеттері, Иран, Пәкістан елдері. Биылдан бастап, Қытай мемлекетіне экспорттайтын астық көлемін ұлғайтамыз деген жоспар бар»,-деді ол.

Бұған дейін айтқанымыздай, биыл бастырылатын астықтың таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деген болжам бар. 
«Қазғарыш»-пен бірге астықтың шығу жағдайына ғарыштан мониторинг жасап отырамыз. Сол мониторингтің берген алғашқы дерегіне сүйенсек, астықтың тазаланғаннан кейінгі таза салмағы 17,3 млн тоннаны құрайды деп жоспарлап отырмыз»,-деп толықтырды С.Омаров.