"Біз 2008 жылы мұнайды өндіру көлемін 69-70 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді министр.
С. Мынбаев атап өткеніндей, биылғы жылы өңделетін мұнай көлемі 500 мың тоннаға дейін ұлғайтылып, 12,5 тоннаны құрайды. Министр айтқанындай, қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңарту қажет, тіпті " тағы да бір зауыттың салынуы да мүмкін".
Жалпы министрліктің мәліметтері бойынша былтырғы жылы мұнай мен газ конденсатын шығару көлемі 3,7 % өсіп, 67,2 млн тоннаны құрады. Өткен жылы 12 млн тона қара алтын өңделді.