Халықтың 2007 жылы еңбек ақысының нақты өсімі мен ақшалай табысы 17% көтеріліп, ең төменгі өмір сүру көрсеткішінің көлемі 11,2% өсіп, 8 мың 861 теңгені құрады. Жалпы республика бойынша әлеуметтік жағдай тұрақты", деп мәлімдеді К. Мәсімов.
Премьер атап өткеніндей, негізгі 3 мың теңге көлемінде төлемдерді ескермегенде, орташа зейнеткерлік ақының көлемі 11 мыңды құрап, 9,5% өсті. Сонымен бірге төлемдердің мөлшері де ұлғайтылды. "Сонымен бірге аймақтық деңгейде 2007 жылдың қараша айынан бастап, әлеуметтік көмекке зәру болып отырған азаматтарға қосымша көмек ретінде төлемдер төленіп, коммуналдық қызмет түрлері мен негізгі азық-түлік түрлерінің қымбаттауына байланысты тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары қабылданды", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Ол атап өткеніндей, зиянды және ауыр өндіріс орындарында жұмыс істеген еңбек тәжірибесі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау жасау мақсатында арнайы заң қабылданды. "2008 жылы әлеуметтік саланы жетілдіру және реформалау жөнінде жұмыстар жалғастырылатын болады", - деп қорытындылады үкімет басшысы.