Қазақстан бойынша жылыту маусымының аяқталу мерзімі белгілі болды

Жоспар бойынша, ауа райының жылуына орай Жамбыл облысында 7 сәуірде, Павлодар, Ақтөбе облыстарында 10 сәуірде, Алматыда 8 сәуірде, Астанада және Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында 15 сәуірде жылумен қамтамасыз ету тоқтатылады деп күтілуде.

Жылу беру маусымы ең ұзақ созылатын аймақтар: Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында (сәуірдің соңы, мамырдың басы) жалғасатын болады.


Қазіргі таңда Шымкентте және Кентауда жылу маусымы аяқталды.