Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді

«3 қараша күні елордадағы «Думан» қонақ үйінде Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен «Қазақстан бокс федерациясы» Атқару комитетінің отырысы өтеді», - делінген хабарламада.

Алқалы жиынның күн тәртібінде 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиада ойындарына еліміздің былғары қолғап шеберлерінің дайындығы тұрғысында ұлттық құраманың халықаралық жарыстарға қатысу қорытындысы, Қазақстандағы жасөспірімдер және жастар боксының жай-күйі, «Астана арландары» командасының Дүниежүзілік бокс сериясының екінші маусымына дайындығы сынды мәселелерге қатысты жаттықтырушылар кеңесінің есебі тыңдалады.