Қазақстан Бокс федерациясы кубогының ¼ финалы өтетін қалалар анықталды

Қазақстан Бокс федерациясының елімізде жарыстар өткізу жөніндегі үйлестірушісі Берік Мыржықбаев, бокстан ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Болат Әбдірахманов, ҚБФ-ның төрешілер корпусымен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Аслан Игібаев, бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының бастығы Қайрат Манашевтар кірген комиссия электрондық жеребе нәтижесін бекітті.

Сонымен, «Оңтүстік» дивизионында Алматы мен Жамбыл облыстары Алматы қаласында кездеседі. «Батыс» дивизионында Маңғыстау мен Атырау облысының боксшылары Ақтау қаласында жұдырықтасады. «Солтүстік» дивизонында шаршы алаңға көтерілетін Қостанай мен Қарағанды облысының спортшылары Қостанай қаласында түйіседі. Ал «Шығыс» дивизионында Алматы мен Шығыс Қазақстан облысының командалары Талдықорған қаласында өз бақтарын сынайды.