Қазақстан боксшылары әлем чемпионатынан елге оралды

Біздің спортшылар 6 медаль олжалады. Жалғыз алтын медальды шымкенттік өрен Қайрат Ералиев еншіледі.

«Олимпиададан кейін бокс құрамасы 70 пайыз жаңарды. Сол себепті өте жақсы өнер көрсеттік, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов әлем біріншілігін қорытындылай. - Жұмыс істейтін тұстар да бар, бірақ біздің қосалқы құрам өте мықты. Токиоға кілең шыңдалған жігітерден жасақталған құраммен барамыз. Онда бір емес, екі-үш алтын медаль аламыз».

Қайрат Ералиевтің алтын медалінен басқа, Әбілхан Аманқұлов пен Қамшыбек Қоңқабаев екі күміс еншіледі. Ал Васалий Левит, Жомарт Ержан және Абылайхан Жүсіповтер қоланы қанағат тұтты.