Қазақстан боксшылары Германиядағы халықаралық додаға аттанды

Галле турниріне 19 елден 111 спортшы қатысады. Қазақстан мен Германиядан бөлек байрақты сынға Алжир, Австрия, Бразилия, Қытай, Дания, Франция, Ирландия, Италия, Литва, Молдова, Моңғолия, Моракко, Голландия, Румыния, Ресей және Өзбекстан елдері де өздерінің мықты боксшыларын әкелмек.

Қазақ елінің намысын неміс жерінде Серік Сәпиев, Ғани Жайлауов, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Қанат Әбутәліпов, Данабек Сужанов қорғайды.