Е. Қанағатовтың айтуынша, Елордада наурыздың 17 - 23 аралығында өтетін "Астана-2008" ІІ Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі Пекинде өтетін Олимпиада ойындарына тағы да кем дегенде 3 жолдама алуды мақсат етіп отыр.
Ол Қазақстан боксшылары осы күнге дейін Олимпиаданың 5 жолдамасын жеңіп алғанын еске салды.
Е. Қанағатовтың айтуынша, Қазақстан құрамасы осы турнирде бес салмақ дәрежесі: 51 келіге дейін, 54, 57, 60 кг және 91 келіден жоғары салмақ бойынша өз өкілдерін қосуды жоспарлап отыр.
Министрлік мәліметтеріне жүгінсек, жарысқа Азияның 25 елінен боксшылар келіп қатысады. Турнирге қатысушылардың жалпы саны 250 адамнан асады.
"91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша сайыс болмайды. Себебі, Азия боксшыларының квотасы таратылып қойған. Өкінішке орай, Қазақстан осы салмақ бойынша лицензиясыз қалды", - деп сөзін қорытындылады Е. Қанағатов.