Ахметжан Есімов, "Амеркиандық инвестициялар Қазақстан ауыл шаруашылығына" атты бизнес-форумда "қазіргі таңда жылына орта есеппен 15-16 млн.тонна бидай өндіріледі, оның 4-5 млн.тоннасы 40 елге экспортталады, ал Қазақстандағы жер, еңбек және материалдық ресурстар жақын болашақта бидай өнімін және экспорт көлемін екі есеге көбейтуге мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді.
Министр, қазіргі кезде елде 23 млн. га жерден астамы айдалатын жерге жататынын, алайда "айдалатын-жарамды жер қоры жетеді, егер оны тиімді пайдаланатын болсақ егін алқаптарын 1,5 есеге арттыруға болады", - деп атап көрсетті.
А. Есімовтың пайымдауынша, "қазақстанның бидай саласы инвесторларды қызықтырады, себебі қарапайым есеп бойынша таяу мемлекеттердің бидай экспортының көлемі жылына 15 млн. тоннаны құрайды".