«Әлемнің көптеген елдерінде виза тәртібі қатал. Бірақ, белгілі бір курорттарға емін-еркін ұшып барып, визаны сол жерден-ақ алуға болады. Алайда оның сол ел аумағына кіруге мүмкіндік бермейтіні түсінікті», - деп дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында» вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, мәлім етті.
«Біз де бұл мәселені өкілетті органдармен шешіп, заңға өзгерту енгізе аламыз деп ойлаймын», - деп қорытты ол.