Қазақстан Болгария үкіметімен арадағы өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекітті

Хаттамамен енгізілетін өзгертулер келісіммен белгіленетін режимнің ережелері кез-келген келісімге келуші жақтарға олардың кедендік, экономикалық және валюталық одаққа, біртұтас нарыққа немесе еркін сауда аймағына мүше болуына байланысты берілген немесе болашақта берілетін артықшылықтарға қатысты қолданылмайтындығын заңдастырады.

Келісім Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 15-мамырдағы заңымен бекітілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті