Қазақстан бұған дейін қол қойылған мұнайға қатысты келісімдердің шартынан ауытқыған жоқ - ҚР президенті

Мемлекет басшысының айтуынша, "елімізге озық технологияларды кең көлемде әкелуші, аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға белсенді атсалысатын, сондай-ақ, Қазақстандық кәсіпорындардың сервистік қызметіне көбірек жүгінетін " инвесторларға басымдық беріледі.

"Өз аумағындағы мұнай кеніштерін өңдеуді ұсынатын Қазақстан экспорттық мұнай құбырларының көп тармақты жүйесін құруға баса назар аударатын болады",- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, ел экономикасын одан әрі ырықтандыруға да қадамдар жасала береді.