Қазақстан Центральное және Хвалынское кеніштерін Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісімнің шарттарына сәйкес игеру жөніндегі құжаттарды дайындай бастады

Бұл туралы бүгін, 23-қарашада Астанада "Қазақстанда мұнайхимиясын дамыту: қазіргі ахуал және келешек" тақырыбындағы бас қосу аясында өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

В.Школьниктің айтуынша, "қазір Қазақстан мен Ресей арасындағы Каспий қайраңын бөлісу жөніндегі өзара бекітілген келісімге Құрманғазы кеніші секілді Центральное және Хвалынское кеніштерін де тең бөлісіп игеру туралы өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде".
РФ президенті тиісті өзгертулер енгізу жөнінде "Ресейдің тиісті министрліктеріне тапсырма берді. Бұл құжаттар министр орынбасарлары мен сарапшылар деңгейінде дәйектелген. Қазір олар Ресейде тиісті заңи процедуралардан өтуде",- деді еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі.
"Дегенмен біз осындай өзгерістердің енгізілмегеніне қарамастан, елімізде жуырда қабылданған заң аясында өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім шарттарына сәйкес тиісті құжаттардың жобасын жасап жатырмыз",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы екі ел арасындағы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісімге екі ел президенті 2005-жылдың 18-қаңтарында Мәскеуде қол қойды.
Газ конденсаты кеніші орналасқан Имашев учаскесі арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығын айқындау аса қиынға түскен".
"Қол жеткізілген келісімге сәйкес, мемлекеттік шекара сызығын айқындауда Имашев учаскесі екі елге бірдей екіге бөлініп, кенішті алдағы уақытта екі ел күш біріктіре игеруге уағадаласты.
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 7591 шақырымды құрайды.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.